27
октябрь
2023
Буллинг және кибербуллинг * тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді.
#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылы 9 қазан күні 8 *А*сыныбында * Буллинг және кибербуллинг * тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Мұнда буллингтің жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию, ғаламтор арқылы смс немесе электронды хаттар, қорлайтын бейне роликтер, суреттер, қоқан-лоқы туралы хабарламалар келген жағдайда қалай қорғану керектігі ортада айтылып талқыланды. Ата-аналар мұндай жағдайда баласын толық
тыңдап, мұғалім мен мектеп әкімшілігігімен байланысып үнемі балаға қолдау көрсету қажеттігі туралы кеңестер айтылып пікір алмасты.







тыңдап, мұғалім мен мектеп әкімшілігігімен байланысып үнемі балаға қолдау көрсету қажеттігі туралы кеңестер айтылып пікір алмасты.







