«Отанды сүю -міндетің, Отанды қорғау- парызың!»тақырыбында кездесу өтті.  » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбылская область білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Отанды сүю -міндетің, Отанды қорғау- парызың!»тақырыбында кездесу өтті. 
23
ноябрь
2023

«Отанды сүю -міндетің, Отанды қорғау- парызың!»тақырыбында кездесу өтті. 

Мектепте 22 қараша күні мектеп директоры І.С.Жүнісжанов ұйымдастыруымен 9-11 сынып білім алушылардың патриоттық білімдерін көтеру және тарихи –рухани сауаттылығын арттыру мақсатында Германиядағы Кеңес Әскери тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы ардагерлерінің қатысуымен «Отанды сүю -міндетің, Отанды қорғау- парызың!»тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Мәжиев Бейбитбек  Әлімбекұлы, Алимбаев Бектай Күзембайұлы, Жұматаев Мэлсхан Мамытұлы, Жаркынтаев Назарбек Айдаралиевич, Жайлыбаев Қанат Бектенұлы қатысты. Іс-шарада сұрақ-жауаптар  беріліп , кездесу қызықты өтті.
  Отанды сүюмен патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет - бәрі қатарлас ұғымдар. Отанға деген сүйіспеншілік - оған жанашырлықпен қарауға, көркейтуге үлес қосуға, адал қызмет етуге, халықты сыйлауға, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті мен мемлекеттік рәміздері, шекара аумағы, атамекен секілді қастерлі ұғымдарын құрметтеуге негізделуі тиіс. Отанды, елді қорғағанда, атақ алу үшін, абыройға кенелу үшін емес, ұрпағым, елім болашақта жетім болмасын, Отансыздықтың азабын тартпасын деп қорғау керек. 
 Қандай жұмыс істемейік, жадымызда «Отанымыздың мықты болуына, тұғырының берік болуына атқарар қызметім адал болсын!» дейтін ұран жаңғырып тұру қажет.