14
декабрь
2023
«Әжем үйреткен...» тақырыбында іс-шара өтті.
Мектепте «Даналық мектебі» жоспары аясында өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Әжелер » мектебінің төрайымы Әбілқасымова Алмагүл әжеміздің ұйымдастыруымен «Әжем үйреткен...» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараға өмірлік тәжірибесі мол19 немере, 4 шөбере сүйген бақытты ана Аманкүл әжеміз, жайдары мінезді, немереге жүрегінің төрінен орын берген 21 немере,5 шөбере сүйген абзал ана Аязкүл әжеміз, оқығаны мен тоқығаны көп, бес қыз өсіріп 10 немере сүйген парасатты ана Марияш әжеміз және
40-жыл ұстаз болған, 14 немере, 1-шөбере сүйген қажырлы, қайратты ана Алмагүл әжелеріміз қатысты.
Сонымен қатар Ақтоған ауылдық «Билер» төрағасы Қосубаев Олжабек Жанұзақұлы, ауыл ақсақалдары Медетбеков Асқанбай, Алимкулов Көктеу, Құралбаев Серік, мектептің «Аталар мектебінің» төрағасы Ниязбеков Ергөбек Әріпбайұлы қатысты.
Іс-шарада әжелеріміз өзіндік ерекшілігі бар қазақ халқының баспанасы, қазақтың киіз үйі туралы, қасиетті қолөнерлері: ою ою, құрақ құрау, киіз басу, ұршық иіру өнерлерімен таныстырды.
Ұлттық салт-дәстүрлердің бірі қазақтың кең пейілділігі мен дархандығын көрсететін қонақ күту кәдесін және қазақтың дастарханға қоятын ұлттық тағамдары туралы түсіндіріп, «Қызға қырық үйден тыю» атты сұрақ-жауапқа әркім өз ой- пікірін ортаға салды.
Ата-әженің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілінен тәлім алған ұрпақ рухани жағынан бай тәрбиелі азамат болып өседі. Ұлттық өнеге – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі.