«Жақсылық жасап жарысайық!» тақырыбында кездесу өтті.  » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбылская область білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Жақсылық жасап жарысайық!» тақырыбында кездесу өтті. 
19
январь
2024

«Жақсылық жасап жарысайық!» тақырыбында кездесу өтті. 

Мектепте «Даналық мектебі» жоспары аясында «Ағалар мектебінің» қатысуымен білім алушылардың жақсылық құндылығы туралы, «жақсы адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру,жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылық жасауға тәрбиелеу мақсатында «Жақсылық жасап жарысайық!» тақырыбында  кездесу өтті.  Кездесуге игі істер жасап,өзіне де өзгеге де жақсылық жасап, нұрын шашып жүрген жаны жайсаң  жандар Қасымов Ерік  Ермаханбетұлы, Сатжанов Айбек Асқарұлы,  Қилыбаев Медет Үмбетбайұлы қонақта болды.Қонақтар өзері жайлы, мектептегі қызықты сәттерінен және жақсылық жасау туралы өз ойларымен бөлісті.
Білім алушылар ағаларына деген ізгі тілектерін білдіріп, өлеңдері мен әндерін тарту етті.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi #ҚРБҒМ #атааналар#педагогикалыққолдау
#ЖАМБЫЛОБЛЫСЫНЫҢБІЛІМБАСҚАРМАСЫ#Меркіауданы#4жоббм