Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушылардықорытынды аттестаттау- тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Өткізу формасы:мектеп бітіру емтихандары.
Өткізілетін орны:түлек оқитын мектеп базасы.
Өткізу мерзімі:шамамен 29.05-09.06.
№ |
Пәндер |
Емтихан формасы |
Уақыты |
|
міндетті |
1 |
Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) |
Жазбаша —эссе |
3 сағат |
2 |
Алгебра және анализ бастамалары |
Жазбаша емтихан |
5 сағат |
|
3 |
Қазақстан тарихы |
Ауызша (билетпен) |
||
4 |
Қазақ тілі(орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) Орыс тілі(қазақ тілінде оқытылатын мектептерде) |
Тестілеу |
80 минут |
|
таңдау |
5 |
Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика |
Тестілеу |
80 минут |
Емтихандар жайлы қысқаша:
1.Ана тілі мен әдебиеті -3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
2.Алгебра және талдау бастамалары -5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.
3.Қазақстан тарихы -Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).
4.Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) жәнеорыс тілі(қазақ мектептерінде)-40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:
· Лексика-грамматикалық-20 тест тапсырмасы;
· Тыңдалым-10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
· Оқылым-10 тест тапсырмасы (2 мәтін).
Таңдау бойынша 1 пәннен -Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).
Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20- берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20- берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.
Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.