13
апрель
2022
«Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша!» тақырыбында тренинг жүргізілді.
12 сәуір күні 10-11 сынып оқушыларымен «Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша!» тақырыбында тренинг жүргізілді. Кіріспе бөлімінде оқушыларға өмір сүрудің екі тәсілі бар екендігі айтылды. Біріншісі – ғажайып жоқ деп өмір сүру; екіншісі – бұл өмірде бәрі ғажайып деп өмір сүру». Сондай-ақ «Асоциация» жаттығуын орындады. Оқушылар «Өмір» сөзінің бірінші әрпінен басталатын әріптерден өмірге баға берді. Екі топқа бөлініп постер қорғады. Оқушылар өз ойларын ортаға салды. «Мен өмірді сүйемін!» фото-аффермация жаттығуы жасалды. Соңында өмірге деген көзқарастарының өзгергенін, өмірді бағалау керектігін ұғынғандарын айтып, тренингтен жағымды әсер алғандарымен бөлісті.









