29
апрель
2022
«Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» тақырыбында жас мамандар апталығы өтті
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау,оларды іскерлікке, мәдениеттілікке,өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау көресету мақсатында 20-30.04 аралығында «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» тақырыбында жас мамандар апталығы өтті.Апталық барысында оқыту материалдарының негізіне сай түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып ашық сабақтар беріп, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.















