«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебі.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Мектепте «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
тақырыбында ақпараттық науқаны өткізіледі.
Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында 8-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны өтеді.
Науқанның мақсаты-ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік проблемасы, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері туралы хабардар болуын арттыру.
Акция аясында мектепте конференциялар, семинар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер, сынып сағаттары, рейдтік
іс-шаралар және т. б. өткізіледі.
Зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынас мәселелері бойынша парақшалар, буклеттер, плакаттар таратылады.
Бұл науқанға ата-аналар, оқушылар, мектеп ұжымы, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға алдын-алу және қолдау көрсетумен айналысатын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, қатысады.