«Ана бақыты – бала бақыты» тақырыбында гүлдер көрмесі өткізілді.
🔰 ГҮЛДЕР КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ!!! 8- Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында мектебімізде 5-6 сыныптар арасында «Ана бақыты – бала бақыты» тақырыбында гүлдер көрмесі өткізілді. Көрмеге оқушылар түрлі материалдардан гүл шоқтарын, яғни қол өнер бұйымдарын жасап ұсынды. Мақсаты білім алушылардың эстетикалық талғамдарын, ой- қиял шығармашылықтарын дамыту. Білім алушылар өздерінің аяулы аналарына, ұстаздарына деген ыстық ықыластары көрінетін байқауға өте белсенді ат салысты.