«Антоним, синоним, омоним туралы не білдім?» тақырыбында ашық сабақ
Бастауыш сынып білім алушыларымен аудандық «Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында 16.01.2026 ж. №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі А.А. Айсерикова 2 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Антоним, синоним, омоним туралы не білдім?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 📌 Сабақтың мақсаты – тақырыбына қарап мәтін мазмұнын болжау, тірек сөздерді пайдаланып шағын мәтін жазу, сөздің мағынасын ашу, антоним, синоним, омоним сөздерді ажырата білу.