«Тамыз кеңесі – 2026» » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тамыз кеңесі – 2026»
28
август
2026

«Тамыз кеңесі – 2026»

Оқушылардың талпынысы мен жетістігінің, ата-аналардың қолдауы мен мектеп ұжымының берік бірлігінің нәтижесі.Білім мен тәрбиені қатар алып, әр баланың болашағына алаңдап, әр істі сапа мен нәтижеге бағыттаған ұжымның еңбегі бүгін өз жемісін берді.
✨ «Тамыз кеңесі – 2026» аясында қорытындыланған бұл нәтиже – мектебіміздің өткен оқу жылындағы тынымсыз еңбегіне берілген лайықты баға.
Бұл – біздің ортақ жеңісіміз!Бұл жеңіс – тоқтайтын нүкте емес, керісінше, жаңа оқу жылына жаңа мақсаттармен қадам басуға берілген үлкен серпін.
👏 Құрметті әріптестер!
Осы биікті бағындыруға үлес қосқан әрқайсыңызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, ізденістеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен мектепке деген жанашырлықтарыңыз – осы жеңістің басты негізі.
Барша №4 Тілеміс батыр ЖОББМ ұжымын аудандық рейтингтегі I орынмен шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Алдағы оқу жылында да ынтымағымыз артып, ізденісіміз жалғасып, жетістіктеріміз еселене берсін!
🏆 Бірлігіміз – тірегіміз,
еңбегіміз – берекеміз,
жетістігіміз – мерейіміз!
№4 Тілеміс батыр мектебі– бірлік барда биіктерді бағындыратын ұжым! ✨