Бос жұмыс орны » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орны
11
август
2026

Бос жұмыс орны

Жамбыл облысы Меркі ауданы «N4 Тілеміс батыр ЖОББМ» КММ педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының 3-тарауы, 113-тармағы көрсетілген құжаттар тізбесін негізге ала отырып электронды түрде жолдай алады.

Педагог қызметіне enbek.kz сайтынан, https://hr-nobd.edu.kz модулінен көруге болады.

Конкурсқа жарияланған бос орындар:

Орыс тілі пәнінің мұғалімі – 1 бірлік жүктеме (уақытша орын )

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі– 1 бірлік жүктеме (уақытша орын)
Қажетті құжаттардың тізбесі:

1. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7. психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8. наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10. осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан.


Похожие публикации:

07 сентябрь 2022 Хабарландыру
02 сентябрь 2022 Хабарландыру
31 август 2022 Хабарландыру
18 август 2022 Хабарландыру