«Антоним, синоним, омоним туралы не білдім?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Антоним, синоним, омоним туралы не білдім?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
16
январь
2026

«Антоним, синоним, омоним туралы не білдім?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Бастауыш сынып білім алушыларымен аудандық «Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында 16.01.2026 ж. №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі А.А. Айсерикова 2 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Антоним, синоним, омоним туралы не білдім?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
📌 Сабақтың мақсаты – тақырыбына қарап мәтін мазмұнын болжау, тірек сөздерді пайдаланып шағын мәтін жазу, сөздің мағынасын ашу, антоним, синоним, омоним сөздерді ажырата білу.
Сабақ барысында мұғалім қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдаланып, тапсырмаларды тиімді ұсыну арқылы уақытты ұтымды пайдаланды. Жазба жұмыстар мен түрлі тапсырмаларды орындау арқылы тақырып кеңінен талқыланды.
Оқушылар топтық жұмыс барысында белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Сабақта жұптық жұмыс және функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмалар орындалды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға толық жауап берді.