Бастауыш 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы оқушылар тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтылып отыр. Жұма 7 наурыз күнгі ас мәзірі : сиыр етіне гуляш, гарнир: қайнатылған түтікше. сәбіз слаты, балмен шай, нан.
🔰Ш. Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай мектебімізде "Ән падишасы - Шәмші аға" атты ән кеші өткізілді. Кеште 8-10 сынып оқушылары Шәмші ағамыздың ел арасында танымал болған лирикалық, сазды әндерін ерекше ілтипатпен орындап , көрермендерге әдемі көңіл- күй сыйлады. 🔰🔰Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай 8 "А" сыныбында "Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Ана бейнесін құрметтеу, ардақтау. Ана махаббатының мәнін түсіну. Аналардың қоғамдағы рөлін ұғындыру. Жас ұрпаққа өз отбасына деген махаббат, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған “Шуақ шашқан мереке”атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.