#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру,инновациялық белсенділіктерін дамыту,әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында "Жаңашыл ұстаз болу-жаңа заман талабы"атты жас педагогтардың мектепішілік байқауы өткізілді.Байқау 3 кезеңнен тұрды:1."Жаңашыл ұстаз болу-жаңа заман талабы"тақырыбында эссе жазу. 2.Ашық сабақ.Бейтаныс сыныпта сабақ беру 3."Шығармашылық жолдың бастамасы
Бастауыш 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы оқушылар тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтылып отыр. Сәрсенбі 12 наурыз күнгі ас мәзірі : пісірілген тауық еті, гарнир: макарон тұздығымен, сәбіз салаты, табиғи шырын, нан
Мектебіміздегі «Балдәурен» би тобы Аудандық «Ақ шағала» хореографиялық би байқауында 10-13 жас ерекшелігі бойынша жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.Жетекшісі:Асубай Назира
Бастауыш 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы оқушылар тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтылып отыр. Сейсенбі 11 наурыз күнгі ас мәзірі : сиыр еті қосылған бұршақ сорпасы, вафли, ірімшік пен май қосылған бутербод, тәтті шай.
🔰 Қол өнер және сурет көрмесі ұйымдастырылды!!! Мектебімізде көркем- эстетикалық және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде білім алушылардың қолынан жасалған, әр түрлі материалдардан (мата, қима, тоқыма, ағаш бұйымдары, т.б.) жасалған ерекше туындылары қойылды. Мақсаты білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Бастауыш 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы оқушылар тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтылып отыр. Жұма 7 наурыз күнгі ас мәзірі : сиыр етіне гуляш, гарнир: қайнатылған түтікше. сәбіз слаты, балмен шай, нан.
🔰Ш. Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай мектебімізде "Ән падишасы - Шәмші аға" атты ән кеші өткізілді. Кеште 8-10 сынып оқушылары Шәмші ағамыздың ел арасында танымал болған лирикалық, сазды әндерін ерекше ілтипатпен орындап , көрермендерге әдемі көңіл- күй сыйлады. 🔰🔰Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай 8 "А" сыныбында "Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Ана бейнесін құрметтеу, ардақтау. Ана махаббатының мәнін түсіну. Аналардың қоғамдағы рөлін ұғындыру. Жас ұрпаққа өз отбасына деген махаббат, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған “Шуақ шашқан мереке”атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімі М. Искембаевтың ұйымдастыруымен жас мамандар және кіші қызметкерлер арасында "Ал, қанеки, қыздар!" спорттық - эстафеталық ойындар өткізілді.