01
ноябрь
2023
Оқуға құштар мектеп»жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп»жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» тақырыбында қашықтықтан кітап оқу марафонын ұйымдастырылды. Оған 4-9 сынып оқушылары белсенділік танытып, оқыған кітаптары туралы алған әсерлерін және ойларымен бөлісті. Сонымен қатар олар басқа оқушыларды марафонға қолдау көрсетіп, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Марафонның мақсаты: оқу белсенділігі, сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін және сөздік қорын байыту, сауатты жазу дағдыларын, есте сақтауы мен қиялын дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.





