«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
21
апрель
2023

 «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Мектепте «Балаларның жолдағы қауіпсіздігі» акциясын кезінде  1 «Б» сыныбында Н.Сугурова  «Кішкентай жолаушылар бақылауда »,2 «В» сыныбында Б.Даулетбаева «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Баланы ұстау құрылғысын пайдаланумен ғана баланы тасымалдау қажеттілігіне, баланың жасын, салмағын және бойын ескере отырып, креслоны қалай таңдауға және оны автокөлікке қалай дұрыс орнату қажеттілігіне ата-аналардың назарына жетік жеткізді. 
  Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті.
    Құрметті ата-ана, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық!