01
май
2023
3 - 28 аралығында бастауыш сынып бірлестігінің айлығы өтті.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 3 - 28 аралығында бастауыш сынып бірлестігінің айлығы өтті.
Мақсаты: Жеке тұлғаның білімді, белсенді, шығармашылық тұрғыда дамуы мен танымдық белсенділігін арттырудағы мұғалім шеберлігін шыңдауды жетілдіру.
Айлықтың ашылу салтанатында оқушылар арасында қызықты ойындар ойнатылып, денсаулық туралы мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар айтылып, оқушылардың ой-өрісін дамыту жұмыстары жүргізілді және жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді. Айлықта жоспарланған жұмыстар өз уақытында , жоспарға сәйкес өткізіліп отырды. Бастауыш сынып мұғалімі Қантөреева Ұлбосын ««Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту және шапшаң оқуға үйрету»» тақырыбында дөңгелек үстел өткізсе, «Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың ойлау дағдысын жетілдіру» тақырыбында Ниязбекова Жазира шығармашылық есеп берді. Ай бойы бастауыш сынып пән мұғалімдері ашық сабақтарын, қызықты және сабақтан тыс іс-шараларын ұйымдастырды.