28
апрель
2023
Мектепте 27сәуір күні «Жомарт түлек » жобасы аясында мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
Мектепте 27сәуір күні «Жомарт түлек » жобасы аясында мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Жумалиева және кәсіптік бағдар беру маман А.Шакарова «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге Меркі аудандық мәслихат депутаты Н.Сейсенбаев, мектеп түлегі қазіргі №33 мектептің география пәнінің мұғалімі Абылай Ғани қатысты. Кездесуде қонақтар білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін өз ойларымен бөлісіп, пікір алысты.
Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. «Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.