20
сентябрь
2023
Оқушыларға ең алдымен «Кітапхана ісі» факультетін таңдауға,кітапханашының қызметімен танысып, бағыт-бағдар беру мақсатында аудандық орталық кітапханаға экскурция жасадық.
Мәдениет,кітапханалық-ақпараттық саланың заманауи талаптарын меңгерген,кітапхана қызметін сапалы қамтамасыз ете алатын мамандар оқушыларды қарсы алды.Оқушыларға ең алдымен «Кітапхана ісі» факультетін таңдауға,кітапханашының қызметімен танысып, бағыт-бағдар беру мақсатында аудандық орталық кітапханаға экскурция жасадық. Кітапхана қызметкерлері атқаратын қызметі,жалақысы және ерекшеліктері туралы айтып берді. Ақпараттық библиографиялық бөлім,оқу залы,білім орталықтарының кітапханашысы,біріңғай кітап қорын сақтау,көркем әдебиет,кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі болып бөлінеді.Әр бөлім қызметерлері атқаратын қызметімен таныстырды. Кітапхана қорын толықтыру және өңдеу бөлімі кітапханашысы Тілеукулова Аманкүл апай осы қызметте 1985 жылдан бері қызмет атқарады, жаңа келген кітаптарды кітапханаларға бөліп,буып жіберу ісімен айналысады. Сондай-ақ көркем әдебиет бөлімінің маманы Байболатова Гүлмира: болашақ мамандықтары туралы білгісі келсе, бөлімде автомеханика,педагогика,психология,спорт,заң қызметі тағы да көптеген мамандықтар туралы әдебиеттерді алып оқуға болады,- деді.Кітапханашының басты мақсаты - кітап пен оқуды алға жылжытып,әр кітапхана қызметкері оқырман көңіліне жол тауып, ризашылықтарына бөлену,-деп түсіндірді.Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып,экскурция өте әсерлі болды.№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогтар Шакарова А.А, Тленчиева А.Т.







