«Спорт- бейбітшілік елшісі» тақырыбында кездесу өткізді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  «Спорт- бейбітшілік елшісі» тақырыбында кездесу өткізді.
13
ноябрь
2023

 «Спорт- бейбітшілік елшісі» тақырыбында кездесу өткізді.

Мектепте 6 қараша күні  білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, ауылымыздың әлемге танымал спортшысы Базарбаев Мерей Асқарұлының өмір деректерімен таныстыру,жас ұрпақтың спортқа жақын өсуіне ықпал ету мақсатында  А.Битімбетова «Спорт- бейбітшілік елшісі» тақырыбында кездесу өткізді.
Базарбаев Мерей Асқарұлы 2003 жылы Ақтоған ауылында дүниеге келген. Күреске деген сүйіспеншіліші 2 сыныптан басталды. Алғашқы  жаттықтырушысы -Абаев Нұрбай болды.
6 сыныптан кейін Алматы қаласындағы «Шаңырақ» дарынды балалар спорты мектебінде оқыды.
2018 жылы Жезқазған қаласында өткен кадеттер арасындағы біріншіліктің жеңімпазы,2019 жылы Атырау қаласында өткен кадеттер арасындағы біріншіліктің жеңімпазы,2019 жылы Астана қаласында өткен кадеттер арасындағы біріншеліктің чемпионы болды.
2021 жылы ҚР ересектер арасында күміс жүлдегері,2022 жылы Шымкентте өткен жастар арасындағы ҚР-ң біріншілігін жеңіп алды.
2022 жылы Бахрейннің Манама қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері,2022 жылы Балгорияның София қаласындағы өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері,2023 жылы Талдықорған қаласында өткен ҚР біріншілігін жеңіп алды.
2023 жылы Иорданияның Амман қаласындағы Азия біріншілігінің қола жүлдегері халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.
   Кездесуге шақырылған қонақтар өздерінің жетістіктері, сол жетістікке жету жолындағы еңбектері туралы айтып өтті. Кездесудің танымдық пайдасы мол және ерекше әсер қалдырды.