6 «А» сынып жетекшісі Тулеубаева Ажар «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.  » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  6 «А» сынып жетекшісі Тулеубаева Ажар «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 
20
ноябрь
2023

 6 «А» сынып жетекшісі Тулеубаева Ажар «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 

№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылының 13 қараша күні 6 «А» сынып жетекшісі Тулеубаева Ажар «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
Оқушыларға өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға,әдепті де тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында мұғалім балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін айта келіп, зорлық-зомбылық туралы толық мағлұмат берді. Бейне баян көрсетілді. Тәрбие сағаты  түсіндіру және пікір алмасу әдісімен өтілді. Тәрбие сағатын қорытындылау мақсатында анкеталық сұрақтар қойылды.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, тәрбие сағатына белсене қатысты.