9 б сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Темирбекова Назипа Бургебаевна "Имандылық ізгіліктің негізі " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  9 б сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Темирбекова Назипа Бургебаевна "Имандылық ізгіліктің негізі " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
27
ноябрь
2023

 9 б сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Темирбекова Назипа Бургебаевна "Имандылық ізгіліктің негізі " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

N 4 Тілеміс батыр жоббм 2023 жылы қараша айында 9 б сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Темирбекова Назипа Бургебаевна "Имандылық ізгіліктің негізі " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сабақтың мақсаты: Қоғамдағы бүгінгі күні ең басты мәселе - жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы- имандылыққа,жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу,оған қарсы тұруға тәрбиелеу.Адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс  - тіршілігіндегі  рухани құндылықтарының  көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру.Салт - дәстүр, әдеп- ғұрып тәрбиелерімен  сабақтастырып оқушы бойына тілін,дінін сүюге,ата - ананы құрметтеуге ,сабырлылыққа, төзімділікке  ,жат әдеттен сақтануға тәрбиелеу. Сабақты шаттық шеңбер арқылы басталды.Оқушылар шаттық шеңберде бір-бірімен амандасып ,бір - біріне  бойындағы жақсы қасиеттерін айтты.Мұғалім халқымыз  жан -жақты адамды " сегіз қырлы бір сырлы "  - дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды,білімі мол,ата салтын,дінін,тілін білген адамның көкірек ояу болады,жаман мен жақсыны айыра біледі. Міне сол себепті біз "Имандылық- ізгіліктің негізі " деген тақырыпта  өз ойларымызды ортаға салмақпыз. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ  қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін  жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі тәрбие мен білімнің басты міндеті. Оқушылар имандылық түрлерін атап беріп, адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді топтастыру арқылы жазып түсіндірді. Өз ойларымен бөлісіп, сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты.