05
январь
2024
“Қыста кітап оқимыз,жадымызға тоқимыз” атты іс-шара жалғасын табуда.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастырумен 31 желтоқсан мен 2024 жылдың 8 қаңтар аралығында “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде “Қыста кітап оқимыз,жадымызға тоқимыз” атты іс-шара жалғасын табуда. 1-4 сынып білім алушылары кітапханаға келіп, қызықты кітаптар оқып, балалар энциклопедиялары мен 1001 қызықты дерек туралы біліп, ұнаған ертегілерін оқып, 4-сынып оқушылары Абай Құнанбаев өлеңдерін жатқа айтты, ой-өрістерін кеңейтті.

