23
февраль
2024
«Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті.
Мектепте 23 ақпан күні жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани тұрғыда байыту, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымызды жастар санасына сіңіру, дәстүрлі емес бағыттағы ағымдардан сақтандыру мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы - Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы, Ақтоған ауылдық округ әкімі аппаратының дін саласы бойынша жауапты маманы –Саткеева Ақмарал Есенбайқызы және ауыл тұрғыны «Аталар мектебі» төрағасы Ниязбеков Ергөбек Әріпбайұлы қатысты.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Түрлі жаңа технологияларды тез меңгеретін, жаңашылдыққа дайын болатын, жаңалықтар мен тың идеяларға серпін беретін қоғамның ең өзекті бөлігі жастар екендігі даусыз.
Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Олардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады.
Кездесу барысында білім алушылар көптеген пайдалы ақпараттармен танысып, қызықтырған сұрақтарына кәсіби жауап алды.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert
#ЖАМБЫЛОБЛЫСЫНЫҢБІЛІМБАСҚАРМАСЫ#Меркіауданы#4жоббм