07
март
2024
"М. Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу" байқауы болып өтті.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар арасында "М. Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу" байқауы болып өтті. Байқау барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. Нәтижесінде 1 орынды 2"б"сыныбының оқушысы Бейсенқұл Бексұлтан иеленді. 2 орынды 3"ә"сынып оқушысы Нұрғазы Ханшайым мен 4"ә"сынып оқушысы Жексембай Аяулым иеленді. 3 орын 3 "а" сынып оқушысы Жұпбай Сұлтан мен 2 "а" сынып оқушысы Нәукебай Шапағатқа бұйырды. Қалған оқушыларға номинациялар бойынша диплом табыс етілді.



