23- наурыз –«Жаңа өмірге қадам басу»  » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 23- наурыз –«Жаңа өмірге қадам басу» 
23
март
2024

23- наурыз –«Жаңа өмірге қадам басу» 

23- наурыз –«Жаңа өмірге қадам басу» Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат , жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізу ұсынылды
Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. 
Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығы мен адамның ішкі жан-дүниесінің тазалығын сақтап, үйлесімде болуын үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны. Бұл кезең символдық мағыналарға толы, оның басты үрдісі – тазару арқылы жаңару.
Тазару рәсімі – үй-жайды, аулаларды тазалап, бұлақтар мен арықтарды аршу, табиғатты қорғау әрі өткеннің сарқыншағынан құтылуды білдіреді. Бұл – табиғатпен үндес болу қажеттігі мен адамның айналасындағы әлемнің бір бөлшегі екенін еске салатын күн. Бақыт пен береке тазалық пен шынайылық орнаған жерге қонады.
Бұл "жасыл күн" табиғат пен адамның қарым-қатынасында көпір болып, дені сау ұрпақ өсіруге, елдің гүлденуіне негіз болады.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev