05
декабрь
2024
«Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі А.Жарасова ата- аналармен дөңгелек үстел өткізді.
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 5 желтоқсан күні «Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі А.Жарасова ата- аналармен дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру. Дөңгелек үстел «Байланыс» тренингі арқылы ұйымдастырылды. Ата- аналар «Менің балам» атты сергіту жаттығуы арқылы өз баласы туралы жаңа нәрсе айтуға, өз балаларын жақсырақ танып-білуге, айналасындағылармен қарым-қатынасы туралы білуге мүмкіндік алды.Сонымен қатар пазл құрастыру арқылы ұйқының функцияларымен танысты. Дұрыс ұйқының ережелері туралы өз ұсынымдарын әзірледі.
Дөңгелек үстел соңында «Салауатты ұйқы» идеялар ағашына өздерінің жаңа идеяларын ұсынып, бес сұрақ төңірегінде кері байланыстарын қалдырды.






Дөңгелек үстел соңында «Салауатты ұйқы» идеялар ағашына өздерінің жаңа идеяларын ұсынып, бес сұрақ төңірегінде кері байланыстарын қалдырды.






