"Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы
"Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1430 Қаулысы
"Халық денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі
Кодексінің 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Адамға әсер ететін физикалық факторлар
(компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі К.
Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1430 қаулысымен
бекітілген
«Адамға әсер ететін физикалық факторлар
(компьютерлер мен
бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Жалпы ережелер
<!--
[if !supportLists]
-->
1.
<!--
[endif]
-->
«Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер
мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі –
Cанитариялық қағидалар) компьютерлерді (дербес компьютерлерді, планшетті дербес
компьютерлерді, ноутбуктерді) және бейнетерминалдарды (компьютерлер мен
бейнетерминалдар) орналастыру мен пайдалануды қамтитын физикалық факторлар
көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптарды, сондай-ақ микроклиматқа, жарықтандыруға және компьютерлер мен
бейнетерминалдардың физикалық факторлары әсері кезіндегі жұмыс жағдайларына
қойылатын талаптарды регламенттейді.
2. Осы Санитариялық қағидалар тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға,
телевизиялық ойын қондырғыларына, борттық және портативті компьютерлерге
қолданылмайды.
Компьютерлер (дербес компьютерлер, планшетті дербес компьютерлер, ноутбуктер)
және бейнетерминалдар арқылы халыққа қызмет көрсететін объектілерді пайдалануға
беруге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы
болғанда жол беріледі.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) бейнетерминал (бұдан әрі – БТ) – пернетақта үлгісіндегі енгізу (кіру блогы)
құрылғысымен жабдықталатын, дисплей экраны бар тұтынушының терминалы болып
табылатын бейнені көрсету құрылғысы;
2) «в» үлгісі 3-санаттағы діріл деңгейі – оқу пункттерінің, есептеу
орталықтарының, денсаулық сақтау пункттерінің үй-жайларындағы, кеңсе
үй-жайларындағы, жұмыс бөлмелеріндегі жұмыс орындарының жалпы дірілі;
3) дербес компьютер (бұдан әрі – ДК) – жеке тұлғаның дербес пайдалануына
арналған компьютер;
4) жайсыздық көрсеткіші – монитор экранындағы көру аймағында жарық бірқалыпты
бөлінбеген кезде жағымсыз әсер тудыратын жайсыз жылтылдауды бағалау өлшемі;
5) жарықтандырудың пульсация коэффициенті – газды-разрядты шамдардың айнымалы
токпен қоректену кезінде олардың жарық ағыны уақытында өзгеруі нәтижесінде
жарықтандыру тербелісінің салыстырмалы тереңдігін бағалау өлшемі процентпен
өлшенеді;
6) жерге тұйықтау контуры – жермен тікелей жанасатын, жерге тұйықталатын жабдық
орнатылған үй-жайдың (ғимараттың) контуры бойынша орналасқан металл сымдардың
жиынтығы;
7) жұмыс беті – жұмыс жүргізілетін және жарық нормаланатын немесе өлшенетін
бет;
8) қауіпсіз электромагниттік сәуле – адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін
электромагниттік сәуле деңгейі;
9) қатармен орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында, бірінен кейін
бірін қатар орналастыру;
10) ноутбук – дисплей мен пернетақтаны қоса алғанда, бір шағын корпуста барлық
қажетті құрауыштарды (оның ішінде монитор) қамтитын кітап тәрізді жиналатын
портативті дербес компьютер. Сымды және сымсыз желілерге қосылудың дамытылған
құралдарын, құрастырылған мультимедиялық жабдықты (динамиктер, көбінесе
микрофон және веб-камера) қамтиды;
11) орталықта орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында топтап
орналастыру;
12) периметрмен орналастыру – жиһаздарды, жабдықтарды қабырғаларға жақын
(периметрі бойынша) орналастыру;
13) планшетті дербес компьютер (бұдан әрі – ПлДК) – экранмен біріктірілген
қолмен жазатын планшетті құрылғымен жабдықталған, пернетақта мен тінтуірді
пайдаланбай-ақ стилус немесе саусақтар арқылы жұмыс істейтін ноутбуктер класы;
14) стилус – сенсорлы экранмен жұмыс істеуге арналған пластмасса таяқша;
15) үй-жайлардың аралас жасанды жарығы – жалпы жарықтандыруға жергілікті жарық
қосылатын жарық;
16) үй-жайлардың аралас табиғи жарығы – жоғарғы және жанама табиғи жарықтың
үйлесуі.
<!--
[if !supportLists]
-->
2.
<!--
[endif]
-->
Компьютерлерді (дербес компьютерлерді,
планшетті дербес
компьютерлерді, ноутбуктерді) және бейнетерминалдарды
орналастыру мен пайдалануға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
<!--
[if !supportLists]
-->
4.
<!--
[endif]
-->
ДК, ПлДК, ноутбуктерді және БТ-ны пайдалануға арналған
үй-жайларда осы Санитариялық қағидаларда келтірілген жарықтандыру, микроклиматтың
нормаланатын параметрлерін сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Білім беру ұйымдарында ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ-мен жұмыс істеуге
арналған оқу сыныптарын цокольды қабаттарда орналастыруға жол берілмейді. Күш
беретін кәбілдер, жоғары вольтты трансформаторлар, технологиялық жабдықтар
орналасқан жерлерге ДК, және БТ бар жұмыс орындарын орналастыруға жол
берілмейді.
5. Электронды-сәуле түтігі (бұдан әрі – ЭСТ) базасындағы ДК және БТ-ны
пайдаланушылардың бір жұмыс орнының алаңы, оның ішінде бос уақыт өткізетін
объектілерде, халыққа қызмет көрсету үшін қатарлап орналастыру кезінде кемінде
6 шаршы метр (бұдан әрі – м2), орталықта және периметр бойынша
орналастырғанда – 4 м2, БТ-ны пайдалану кезінде тегіс дискреттік
экрандар (сұйық кристалл, плазмалық) базасында кез-келген орналасу жағдайында 4
м2 құрайды.
ПлДК-ны, ноутбуктерді пайдаланушылардың бір жұмыс орнының алаңы 2,5 м2 болуына
жол беріледі.
6. ДК-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жабдықталатын үй-жайлардың ішкі
көрінісін әрлеуге пайдаланылатын полимерлік материалдар
санитариялық-эпидемиологиялық сараптауға жатқызылады және жабық үй-жайлардың
ауасына зиянды химиялық заттарды бөлмеуі тиіс. Мектепке дейінгі ұйымдарда
үй-жайларды әрлеу үшін ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайларды, қатпарлы пластикті,
синтетикалық кілем жапқыштарын пайдалануға жол берілмейді.
7. ДК-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жабдықталатын үй-жайлардың
еденінің беті антистатикалық қасиеттері бар материалдардан ойықтарсыз және
саңылауларсыз жасалады.
Бұл ретте осы үй-жайларда күнделікті ылғалды жинау жүргізу қажет.
8. ДК және БТ орналастырылған үй-жайлар қорғаныш жерге қосумен жабдықталады,
электр розеткалары жерге қосу контурына қосылады.
9. Тұрғын үй ғимараттарында орналастырылатын ДК-мен және БТ-мен жабдықталған үй-жайлар
жеке есікпен жабдықталады.
10. ДК және БТ арқылы кәмелеттік жасқа толмаған адамдарға қызмет көрсететін
объектілер келушілерге арналған киім ілетін орынмен немесе шкафтармен
(ілгіштер) және санитариялық тораптармен жабдықталуы тиіс.
11. Компьютерлері мен ойын кешендері бар бір орындық үстелдерді екі-үш қатар
орналастыру кезінде үстелдердің бүйір беттерінің арасындағы әрбір қатардағы
қашықтық кемінде 0,5 метр (бұдан әрі – м), бір қатар орналастыру кезінде бір
бейнемонитор мен басқа экран бетінің аралығы арасындағы қашықтық кемінде 2 м,
ойын автоматтарының бүйір беттері арасындағы қашықтық кемінде 0,2 м болады.
12. ДК-ны пайдаланушылар үшін үстелдің жұмыс бетінің өлшемі: 725-ке тең,
реттелмейтін биіктігі кезінде ені 800, 1000, 1200 және 1400 мм, тереңдігі 800
және 1000 мм болуы керек.
Үстелдің жұмыс бетінің биіктігі 680-800 мм шегінде болуы тиіс.
13. Компьютерлер мен бейнетерминалдар жабдықталған үй-жайларда физикалық және
химиялық факторлардың деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 1
– 5-қосымшаларға сәйкес қабылданады.
14. Компьютерлер мен бейнетерминалдардан болатын дыбыс деңгейінің және
октавалық жиілік жолақтарындағы дыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейлері осы
Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
15. ЭСТ-дегі БТ экранынан және корпусынан 0,05 м қашықтықтағы кез келген
нүктедегі рентген сәулесінің экспозициялық дозасының қуаты реттейтін
құрылғылардың кез келген жағдайында сағатына 0,1 микро Зиверттен аспайды.
16. ДК бар жұмыс орындарын орналастыру кезінде бейнемониторлары бар жұмыс
үстелдері мен бір бейнемонитордың сыртқы бетінің арасындағы экранға дейінгі
қашықтық кемінде 2 м, бейнемониторлардың бүйір беттерінің арасындағы қашықтық
кемінде 1,2 м болып көзделеді.
17. Бейнемонитордың экраны пайдаланушының көзінен 600 – 700 миллиметр (бұдан әрі
– мм) қашықтықта, бірақ алфавиттік-цифрлық белгілердің және символдардың
мөлшерін есепке ала отырып, 500 мм-ден жақын емес қашықтықта болады.
18. БТ және ДК орналасқан үй-жайлар бастапқы медициналық көмек көрсететін
дәрі-дәрмек қобдишаларымен жабдықталады.
19. БТ-да және ДК-де үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын екі сағаттан асырмау
ұсынылады.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған ПлДК-ның салмағы:
1) 1 – 4 сынып оқушылары үшін – 1 килограммнан (бұдан әрі – кг) аспайды;
2) 5 – 8 сынып оқушылары үшін – 1,5 кг дейін;
3) 9 – 11 (12) сынып оқушылары үшін – 2,5 кг дейін.
20. Жалпы білім беретін ұйымдарда, орта және жоғары білім беру ұйымдарында
(бұдан әрі – білім беру ұйымдары) ДК-мен, ПлДК-мен және ноутбуктермен жұмыс
істеуге арналған үй-жайлар бір орынды үстелдермен жабдықталады. ДК-мен,
ПлДК-мен, ноутбуктермен және БТ-мен жұмыс істеуге арналған бір орынды үстелдің
құрылымы мынадай болып көзделеді:
1) екі жеке беті: біреуі ДК-ны орналастыруға арналған, биіктігі 520 – 760 мм
дейін ыңғайлы өзгертілетін және екіншісі – пернетақтаға арналған, биіктігі мен
еңіс бұрышы 0 – 15 градусқа дейін өзгертілетін, тиімді жұмыс жағдайына қарай
(12 – 15 градусқа) берік бекітілетін жұмыс беті;
2) ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ үшін пернетақта бетінің ені кемінде 750 мм
(екі беттің де ені бірдей болуға тиіс) және тереңдігі кемінде 550 мм;
3) ДК, ПлДК, ноутбуктер және БТ орналасатын беттердің және электр өткізгіштер
мен жергілікті желінің кәбілдері орналасқан тіреуіштегі пернетақтаға арналған
тіреуіштер;
4) жұмыс орнын принтермен жабдықтағанда беттердің енін 1200 мм-ге дейін
кеңейту;
5) биіктігі және еңіс бұрышы өзгертілетін, негізгі үстелден бөлек, аяқ қойғышы
мен тіреуішінің негізі бірге жасалған, пернетақтаға арналған арнайы қондырғы.
21. Білім беру ұйымдарында компьютерлермен жұмыс істеу кезінде жұмыс орнының
негізгі өлшемі, үстелдің жоғарғы жиегі мен аяққа арналған кеңістіктің биіктігі
осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшадағы 1, 2-кестелерге сәйкес оқушының
аяқ киімімен қоса есептегендегі бойына сәйкес келеді.
22. Мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектептердегі БТ-мен, ДК-мен, ПлДК-мен
және ноутбуктермен тікелей сабақтардың үзіліссіз ұзақтығы оқу сағаты бойынша:
1) мектепке дейінгі ұйымдар және 1-сынып оқушылары үшін – 15 минуттан аспауы;
2) 2 – 3-сынып оқушылары үшін – 20 минуттан аспауы;
3) 4 – 5-сынып оқушылары үшін – 25 минуттан аспауы;
4) 6 – 8-сынып оқушылары үшін – 30 минуттан аспауы;
5) 9 – 11 (12) сынып оқушылары үшін – 35 минуттан аспауы тиіс.
23. Жалпы білім беру ұйымдарындағы 16 жастан асқан оқушылар үшін өндірістік
практика кезеңінде БТ-мен, ДК-мен тікелей жұмыс істеу уақыты үш сағаттан
аспайды, 16 жасқа толмаған оқушылар үшін – жұмыс режімін міндетті түрде сақтай
отырып, екі сағаттан аспайды. Жұмыс кезеңінде профилактикалық мынадай
іс-шаралар жүргізіледі: әрбір 20 – 25 сағат сайын көзге арналған жаттығулар
және үзіліс кезінде 45 минут сайын дене шынықтыру жаттығулары жасалады.
24. Мектепке дейінгі ұйымдарда компьютерлік ойын сабақтары аптасына 2 реттен
жиі емес жүргізіледі.
25. БТ-мен, ПлДК-мен, ноутбуктермен және ДК-мен өткізілетін сабақтарды
ұйықтайтын, күндізгі серуенге шығатын және сауықтыру шараларын жүргізетін
уақытта өткізуге жол берілмейді.
26. БТ, ПлДК, ноутбуктер мен ДК пайдалану арқылы өтетін мектеп жасына дейінгі
балалардың сабағын әдіскер жүргізеді.
27. Жасына қарамастан екі және одан да көп балалардың БТ-ды, ДК, ПлДК-ны,
ноутбуктерді бірге пайдалануына жол берілмейді.
28. Сабаққа арналған орындықтардың өлшемдері осы Санитариялық
қағидаларға 6-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген. Орындықтарды табуреткалармен
немесе орындықтармен алмастыруға жол берілмейді.
<!--
[if !supportLists]
-->
3.
<!--
[endif]
-->
Компьютерлер мен бейнетерминалдарды
пайдалануға
арналған үй-жайлардағы микроклиматқа қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
<!--
[if !supportLists]
-->
29.
<!--
[endif]
-->
ДК-ны пайдалана отырып жұмыс істеу қосалқы, негізгі болып
табылатын (диспетчерлік, операторлық, есептеу бөлмелері, кабиналар және басқару
бекеттері, есептеу техникасының залдары) және жүйке-эмоциялық жүктемемен
байланысты өндірістік үй-жайларға арналған микроклиматтың оңтайлы нормалары осы
Санитариялық қағидаларға2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген талаптарға сәйкес
келеді.
30. ДК және БТ орналасқан барлық үлгідегі білім беру ұйымдарының үй-жайларында
және бос уақыт өткізетін объектілерде осы Санитариялық
қағидаларға 2-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес микроклиматтың оңтайлы
параметрлері қамтамасыз етіледі.
31. ДК және БТ бар үй-жайлар жылыту жүйелерімен жабдықталады және жалпы алмасу
желдету жүйесі болуы тиіс.
32. ДК және БТ-мен жұмыс істеу кезінде үй-жайлардың ауасының иондану деңгейлері
осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген нормаларға сәйкес
болуы тиіс.
<!--
[if !supportLists]
-->
4.
<!--
[endif]
-->
Компьютерлер мен бейнетерминалдарды
пайдалануға
арналған үй-жайлардағы жарықтандыруға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
<!--
[if !supportLists]
-->
33.
<!--
[endif]
-->
БТ-ны және ДК-ны пайдалануға арналған үй-жайлардағы
жасанды жарықтандыру жалпы біркелкі жарықтандыру жүйесімен жүзеге асырылады.
Өндірістік және әкімшілік-қоғамдық үй-жайлардағы жұмыс орнында аралас
жарықтандыру жүйесі қолданылады (жалпы жарықтандыруға қосымша жұмыс орнының
аймағын жарықтандыруға арналған жергілікті жарықтандыру шамдары орнатылады).
34. Жұмыс үстелі бетіндегі жарықтандыру жалпы жүйеден кемінде 300 люкс (бұдан
әрі – лк), аралас жарықтандыру кезінде 500 лк және ол болмаған жағдайда 400 лк
болады. Жарықтандыру экранның бетінде жылтылдауды болдырмауды қамтамасыз
ететіндей етіп жасалады. Экран бетінің жарықтануы 200 лк аспайды.
35. Жасанды жарықтандыру кезінде жарық көзі ретінде люминесцентті шамдар
пайдаланылады. Жергілікті жарықтандыру шырағдандарында қызу шамдарын, оның
ішінде энергия үнемдейтін шамдарды қолдануға жол беріледі.
36. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жарықтың пульсация коэффициенті 5%-дан,
әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда 10%-дан аспайды.
37. ДК-ны пайдалануға арналған үй-жайларда жарықтың нормаланатын мәндерін
қамтамасыз ету үшін істен шыққан шамдарды ауыстыру, терезе жақтауларының
әйнектерін және шырағдандарды тазалау жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
Монитордың экранында жалтылдауды болдырмау үшін терезе жақтаулары күндізгі
жарықты өткізбейтін қорғаныш құрылғыларымен жабдықталады.
<!--
[if !supportLists]
-->
5.
<!--
[endif]
-->
Компьютерлер мен бейнетерминалдардан
болатын физикалық
факторлардың әсері кезіндегі жұмыс жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
<!--
[if !supportLists]
-->
38.
<!--
[endif]
-->
ДК-де және БТ-да жұмыс істеу негізгі болып табылатын
өндірістік үй-жайлардағы, білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі ұйымдардың
тиісті үй-жайларындағы, бос уақыт өткізетін объектілердегі жұмыс орнының дыбыс
деңгейі 50 акустикалық децибелден (бұдан әрі – дБА) асырмай қабылданады.
Инженерлік-техникалық жұмыстарды орындау кезінде, зертханалық, талдамалық және
өлшеп бақылауды жүзеге асыру кезінде ДК және БТ бар үй-жайлардағы шудың деңгейі
60 дБА-ден аспауы тиіс, операторлардың үй-жайларында шудың деңгейі 65 дБА-ден
аспайды, есептеу машиналарының шулы агрегаттары орналасқан үй-жайлардың жұмыс
орындарындағы шу деңгейі 75 дБА-ден аспайды.
39. ДК-ден және БТ-дан болатын шу деңгейін төмендету мақсатында үй-жайларды
әрлеу үшін дыбысты бәсеңдететін қауіпсіз материалдар пайдаланылады.
40. Балаларға арналған, жалпы білім беретін ұйымдардағы, қоғамдық ғимараттардағы
және бос уақыт өткізетін объектілердегі ДК, БТ бар үй-жайларға арналған
дірілдің рұқсат етілген деңгейі тиісті үй-жайлар үшін діріл деңгейі осы
Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген параметрлерге сәйкес
келеді.
41. ДК-мен және БТ-мен жұмыс орындарындағы электромагниттік иондамайтын
сәулелердің рұқсат етілген деңгейлері осы Санитариялық
қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.
Шу деңгейі нормативтік белгіленген шектен асатын жабдық (басып шығаратын
құрылғылар, серверлер және басқалар) ДК-мен, БТ-мен жабдықталған үй-жайлардан
тыс орналастырылуы тиіс.