“Көбейту амалының компоненттері” тақырыбында ашық сабақ өткізді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» »  “Көбейту амалының компоненттері” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
23
январь
2025

 “Көбейту амалының компоненттері” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Аудандық “Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ” жобасы аясында 2”А” сынып жетекшісі Турлымбетова Мадина математика пәнінен “Көбейту амалының компоненттері” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы, бөлуді заттардың түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну. Көбейту амалының компоненттерімен танысу. 
Сабақ барысы: 
Сабақты психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы бастады. “Қарлы кесек”әдісімен өткенді қайталап, үй тапсырмасын тексерді. Жаңа сабақта  “Қадамдар”, “ Пазл” ойындарын ойнату арқылы тапсырмаларды орындады. Ары қарай  оқушылармен топпен, жұппен және жеке жұмыстар жүргізді. Тағы да басқа қызықты ойындар мен әдістер қолданылды.ФС және саралау тапсырмалары болды. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті.