12
февраль
2025
Мектебімізде 12 қаңтар күні «Ғасырдың дара перзенті» "Адамзаттың ұлы ұстаздары" арнайы жоба
Мектебімізде 12 қаңтар күні «Ғасырдың дара перзенті» "Адамзаттың ұлы ұстаздары" арнайы жоба аясында белгілі тұлғалардың өмір жолы мен еселі еңбектерін келер ұрпаққа насихаттау мақсатында – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 111 жылдық мерейтойына арналған 9-11 сыныптарға көрме ұымдастырылып , танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу болып табылады.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бүкіл өмірі мен игі істері қазақ халқы ұрпақтар үшін отансүйгіштіктің, тектіліктің және Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің ұлы үлгісіне айналды. Осындай құрметке бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз.Халық қадірлеп пір тұтқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі бізбен бірге мәңгі жасай бермек.