01 қарашадан 01 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған “АИТВ/ЖИТС аулақ бол!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 01 қарашадан 01 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған “АИТВ/ЖИТС аулақ бол!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
10
ноябрь
2025

01 қарашадан 01 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған “АИТВ/ЖИТС аулақ бол!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.









№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдығы жылдың 10 қараша күні  дтіжо Г.С. Құралбаева, мектеп медбикесі С. Кезбаева мен сынып жетекші А.А.Тулеубаеваның ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына 01 қарашадан 01 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған “Бәрі АИТВ/ЖИТС туралы” ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес  “АИТВ/ЖИТС аулақ бол!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
🔰Мақсаты: Қатерлі АИТВ/ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
♦️Сынып сағаты барысында оқушылар  “Шаңырақ” әдісі арқылы амандасып, бір- бірлеріне ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ бейнеролик көрсетіліп, АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, оның жұғу жолдары, ауыру белгілері, алдын алу шаралары, жеке жауапкершілік пен салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы толық түсінік берілді. 
🔰Іс-шараға арнайы қонақтар қатысты:
- Меркі АОА Салауатты Ө.С.Қ. маманы С.Е.Раимқұлова
- ⁠Меркі ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы А.А.Шашагулова
- ⁠СЭС бас маманы А.Қ.Галиева
♦️Салауатты өмір салты дегеніміз - тек қана зиянды әдеттерден бас тарту ғана емес, бұл өз денсаулығыңа деген жауапкершілікті сезіну, жанұяда бақытты өмір сүру, бос уақытты мағыналы өткізу, адамның жан дүниесін рухани байыта түсу, дене тәрбиесімен айналысу. Осының бәрі қоғамдық мүддемен ұштасатынын және тоғысатынын түсіну.