«Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
10
апрель
2026

«Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

2026 жылғы 10 сәуір күні мектеп кітапханасында Ғарышкерлер күні мерекесіне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ғарыш туралы түсінік беру, алғашқы ғарышкерлердің ерлігін таныстыру және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар ғарыш туралы қызықты мәліметтермен танысып, жаттаған өлең шумақтарын айттып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, Юрий Гагарин, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев сынды ғарышкерлер туралы мәліметтер беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ғарышқа деген қызығушылықтарын оятты. Жан-жақты білімді, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу – әр отбасының басты міндеті.
Сондықтан, бірге кітап оқиық!