Білім алушыларды қорытынды аттестаттау » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
02
май
2017

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушылардықорытынды аттестаттау- тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Өткізу формасы:мектеп бітіру емтихандары.

Өткізілетін орны:түлек оқитын мектеп базасы.

Өткізу мерзімі:шамамен 29.05-09.06.

Пәндер

Емтихан формасы

Уақыты

міндетті

1

Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі)

Жазбаша —эссе

3 сағат

2

Алгебра және анализ бастамалары

Жазбаша емтихан

5 сағат

3

Қазақстан тарихы

Ауызша (билетпен)

4

Қазақ тілі(орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде)

Орыс тілі(қазақ тілінде оқытылатын мектептерде)

Тестілеу

80 минут

таңдау

5

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика

Тестілеу

80 минут

Емтихандар жайлы қысқаша:

1.Ана тілі мен әдебиеті -3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

2.Алгебра және талдау бастамалары -5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.

3.Қазақстан тарихы -Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).

4.Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) жәнеорыс тілі(қазақ мектептерінде)-40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:

· Лексика-грамматикалық-20 тест тапсырмасы;

· Тыңдалым-10 тест тапсырмасы (2 мәтін);

· Оқылым-10 тест тапсырмасы (2 мәтін).

Таңдау бойынша 1 пәннен -Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).

Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20- берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20- берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.

Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.