Хаттама №1(көшірмесі)
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 4 Тілеміс батыр орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Хаттама №1(көшірмесі)
7.09.2017жАқтоған ауылы
Қамқоршылық кеңес отырысы
Барлығы: 9
Қатысқаны: 9
Күн тәртібі:
1.Қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы нұсқаулықпен таныстыру.
2. Кеңесмүшелерінің міндеттерін бөлу
3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстыру және ұйымдастыру.
Тыңдалды:
1.Қамқоршылық кеңестің төрағасы С.Құралбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 2017 жылығы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгі қағидаларының бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерімен және қамқоршылық кеңестің қызметінің және оның сайлау тәртібімен таныстырды
таныстырды.
2. Кеңес мүшелерінің міндеттері жайында айтылды. Кеңес мүшелері
9 адамнан құрылды.Хатшы Н.Сейсенбаевқа және кеңестің барлық мүшелеріне міндеттерін бөліп берілді.
3. Қамқоршылық төрайымы жұмыс жоспарымен таныстырды. Мектептің барлық жұмыстары тыңғылықты және уақытымен атқарылатыны туралы айтты.Кеңес мүшелері жұмыс жоспарымен келісті.
Жарыссөз:
Ниязбеков Е- кеңес мүшесі Біз қамқоршылық кеңес мүшелері қамқоршылық кеңестің міндеттерімен және жоспарларымен толық таныстық. Мектептің барлық жұмыстарымен етене жақын араласып өз міндетімізді атқарамыз.
Темірбеков Н.- кеңес мүшесі әлеуметтік педагог. Мектепте білім алушылардың тамыз айында әлеументік жағдайын зерделеп,санатына қарай тізімін алдық. Мектептегі тұл жетім және қамқорлыққа алынған бала саны 3оқушы, жартылай жетім 29 оқушы, көпбалалы оқушы саны 145 оқушы.
Шешімі:
1.2017-18 оқу жылында Қамқоршылық кеңестің атқарылатын іс-шаралары жұмысқа жауапты адамдарғажүктелсін.
2.2017-2018 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары тыңғылықты және уақытымен іске асырылсын.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: С.Құралбаев
Хатшы:Н.Сейсенбаев