20
апрель
2022
"Нашақорлықтың зияны мен зардаптары"
Максаты:адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат беру. Адамға ешқашан да темекі шегу, нашаның түрлерін қолдану, арақ сынды зиянды заттар пайда әкелмейтіні туралы суреттер көрсетіліп, ақпарат берілді.Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны анық.«Дені сау ұрпақ- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ» сөзімен тәрбие сағатын түйіндеді.
