«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» тақырыбында достық фестивалі өтті. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» тақырыбында достық фестивалі өтті.
04
май
2022

«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» тақырыбында достық фестивалі өтті.

28 сәуір күні №4 Тілеміс батыр жобб мектебінде  оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал ету, сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту және ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу мақсатында «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан»  тақырыбында достық фестивалі өтті.
    Жергілікті ұлт - қазақтармен бірге біздің елімізде басқа да көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым - қатынастамыз. Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге, салт - дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады. Байлықтың ең үлкені халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта отырып, бір - бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек.  
Фестиваль қорытындысы бойынша «Бас жүлде» 2 «Б»сыныбы «Орыс» ұлты, І орын 3«Б» сыныбы «Қырғыз»ұлты, 2«Ә» сыныбы «Грузин» ұлты, ІІ орынды 2 «А» сыныбы «Қазақ» ұлты, ІІІ орынды 3«А» сыныбы «Өзбек» ұлты, 3 «Ә» сыныбы «Түрік» ұлты иеленді.