«Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өткізілген профилактикалық жұмыстың өткізілуі туралы Анықтама
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі «№ 4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өткізілген профилактикалық жұмыстың өткізілуі туралы
Анықтама
Мектепте 29 қараша күні қыз баланың бойына адамгершілік, инабаттылық қасиеттерді сіңіру, қыз баланың тәлім-тәрбиесіне, жүріс-тұрысына, рухани дүниесіне бағыт-бағдар беру мақсатында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға 7-11 сынып қыздарынан 109 қыз, аудандық жастар денсаулық орталығының директоры Х.Адешова, Аудандық емхана дәрігері- гинеколог А. Айдосова, Ақтоған ауылы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ғ.Рахымжанова,мектеп психологы Г.Құралбаева, «Қыздар клубы» жетекшісі А.Жексембиева медбике Э.Жартан қатысты.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Жумалиева «Ерте жүктілік деген не?» және «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» сұрақтар қоя отырып қазіргі кездегі қыз бала тәрбиесінде көп қателікке бой алынып бара жатқанын сөз етті.
Мектеп психологы Г.Құралбаева «Әр қадамды ойланып басайық» тақырыбында тренинг жүргізді. «Қыздар клубы» жетекшісі А.Жексембиева «Жастар арасында ерте жүктілік белең алып барады» тақырыбында бейнефильм көрсетті. Аудандық жастар денсаулық орталығының директоры Х.Адешова, Аудандық емхана дәрігері -гинеколог А. Айдосова «Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзылуы» тақырыбында кеңес берді.
Қыз бала, қыз, әйел – бұл бір ғана адам өткеретін әртүрлі кезең. Ол әрбір кезеңде қуанышпен де, қайғымен де, түрлі дерттермен де бетпе-бет кездеседі. Дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін әйелдердің репродуктивті денсаулығы өте маңызды.
Репродуктивті денсаулық – бұл аурулардың жоқтығы ғана емес, сондай-ақ, ұрпақ жаңғырту мен отбасы үндестігін қоса алғанда, дені сау, ойлау қабілеті дамыған, әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ жалғастыра алу процесі.
Репродуктивтік денсаулықтың бұзылуына бірнеше фактор әсер етеді. Соның ең негізгісі–жыныстық қатынасқа ерте жастан бару.Қыздар өз ойларындағы сұрақтарды қойып, пікір алмасты.
Мектеп директоры: Е.Ә. Жұматаев.