01
июнь
2022
«Ертегілер еліне саяхат» атты тақырыпта қойылым көрсетті. Б
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні балалардың көркем шығармаға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында топ жетекшілері Амангелдіқызы Жаңыл «Ертегілер еліне саяхат» атты тақырыпта қойылым көрсетті. Балалар ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауды үйрене отырып, өздерінің актерлық шеберліктерін көрсете білді. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі А. Мамырайымова
өскелең ұрпақты бейнелеу өнеріне баулып, патриоттық көзқарастарын қалыптастырып, эстетикалық талғамын дамыту мақсатында «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында асфальтқа сурет салуды ұйымдастырды. Егеменді елдің болашағы болар жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын ерекшелеп көрсете білді. Оқушылар бейбітшілік, туған жер, табиғат көріністерін асфальт бетіне шебер суреттеді.