03
июнь
2022
«Денсаулықты сақтаймыз, спортты біз мақтаймыз» тақырыбында спорттық ойындар өткізді.
2 маусым күні мектебімізде 26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар айлық жоспары аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Ғ. Омаров жазғы сауықтыру лагері оқушыларымен «Денсаулықты сақтаймыз, спортты біз мақтаймыз» тақырыбында спорттық ойындар өткізді. Мақсаты оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық ойындарды дәріптеу, өмірге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.









