Рейд хабарлама. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Рейд хабарлама.
23
сентябрь
2022

Рейд хабарлама.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен  балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес  №4 Тілеміс батыр  жалпы білім беретін мектебі бойынша мөлтек ауданында оқушылардың мектептен үйлеріне қайту жолдары бойынша  №4 Тілеміс батыр ЖОББМ - нің әкімшілігі, Меркі АІІБ - нің ЖПҚ ЮПТ - нің  қызметкерлері, мобильдік топ мүшелері, ата-аналар комитетінің мүшелерімен бірлескен кешкі рейд жүргізу бойынша бұйрық шығарылды. 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен  балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ескерту, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде үлкендерсіз жалғыз жүруіне, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына байланысты алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар  , мөлтек ауданында оқушылардың мектептен үйлеріне қайту жолдары бойынша  кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз сыртта жүруіне жол бермеу мақсатында көшелерде 2022 жылдың 23 қыркүйек  күні рейдтік іс-шара жүргізілді.

Аталған іс-шараға   №4 Тілеміс батыр  ЖББМ-нің директоры Жұматаев Е.Ә., Меркі АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ-нің полиция капитаны Алишев А.С. , ДҚТЖО Абиралиева Қ.М мобильдік топ мүшелері,  АӘД жетекшісі Болысбеков Р.Т,  дене шынықтыру мұғалімі  Әлдекенов Ж, әлеуметтік педагог Керімбай Е., психолог Сангулова А., ата-аналар комитетінің мүшелері Омарбеков Д, Дарина Ақжүніс  белсенді қатысты.

Ата-аналар комитетінің мүшелеріне  Омарбеков Д, Дарина Ақжүніс  22 қыркүйек  күні рейдті өткізуге шақыру қағазы жіберілді.

Рейд өткізгенде ешқандай құқық  бұзушылық кездескен жоқ. Кезекшілік тыныш өтті. №4 ЖББМ - нің оқушылары кездескен жоқ.