Байторы Төлендіұлының өмір баянына тоқталар болсақ 1940 жылы 10 шілдеде Жамбыл облысы, Меркі ауданы «Большевик» колхозында дүниеге келген. » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Байторы Төлендіұлының өмір баянына тоқталар болсақ 1940 жылы 10 шілдеде Жамбыл облысы, Меркі ауданы «Большевик» колхозында дүниеге келген.
14
октябрь
2022

Байторы Төлендіұлының өмір баянына тоқталар болсақ 1940 жылы 10 шілдеде Жамбыл облысы, Меркі ауданы «Большевик» колхозында дүниеге келген.

Мектебімізде  14 қазан күні аудан мектеп оқушыларының арасында  асық атудан турнир өткізілді.Турнир Байторы Төлендіұлын еске алуға арналды. Байторы Төлендіұлының  өмір баянына тоқталар болсақ 1940 жылы 10 шілдеде  Жамбыл облысы, Меркі ауданы «Большевик» колхозында дүниеге келген. Бұрынғы Калинин мектебінде 8 жылдық білім алып, 15-16 жасынан бастап колхоз жұмысына араласты.Әскери борышын 1958-1960 жылдары Түркімен елінің Шыршық қаласында өтеді. Әскерде болған кезінде танк бөлімшесінде қызмет етті.Әскерден келген соң да колхоздағы алғашқы механизатор қызметін атқарған адам осы – Төлендіұлы Байторы болды. Колхоздағы егін шаруашылығына ,қызылша өсіру ісіне өз үлесін қосқан еңбекқор адам.Қызылша өсірушілердің звено басшысы қызметін атқарып жүрген кезінде  1972 жылы «Еңбек Қызыл ту»орденімен марапатталды. Бес жылдық жоспарды 105-110 пайызға асыра орындағаны  үшін көлік сыйлыққа алып,1975,1976,1979 жылдары «Социалистік  еңбек ері» медалімен марапатталған.1970-1976 жылдары ерен еңбегі үшін Республика көлемінде өткен съезд,слеттердің делагаты болған.1976-1977 жылдары ауыл шаруашылығына арналған телебағламаларға қатысып,тәжірибесімен бөліскен.Төлендіұлы Байторы ауыл шаруашылықты дамыту жолында жинаған еңбек тәжірибесімен өзінен кейінгі жас мамандарға үйретіп,жас буынды еңбекке баулыған құрметті колхозшы. Еңбекке ерте араласып,жауапкершілік, табандылық,адалдық сияқты адами қасиеттерді ардақ тұтты. Байторы Төлендіұлы отбасында бір ұл,төрт  қыз тәрбиелеген. Ұлы – Талғат,қыздары Гүлзат,Бекзат,Перизат,Аманкүл.Осы ұл-қыздарынан  тараған 6 немере,5 шөбересі бар.
 Осы ұл-қыздарының демеушілігімен мектепке спорттық киім үлгісін 24 дана оқушыларға,10 дана ұстаздарға және 5 дана боскетбол,5 дана волейбол,5 дана футбол доптарын сыйға тартты. Сонымен қатар өткізілген жарысқы кубок, медальдарын тарту етті.
 «Асық ату »жарыс қорытындысы бойынша І орын № 4 Тілеміс батыр жоббм, ІІ орынды №44 жоббм, ІІІ орынды №39 Т.Қожкеев жббмг иеленді.