«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
08
ноябрь
2022

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебі.


ХАБАРЛАНДЫРУ


Мектепте «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

тақырыбында ақпараттық науқаны өткізіледі.

Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында 8-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»  ақпараттық науқаны өтеді.

Науқанның мақсаты-ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік проблемасы, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері туралы хабардар болуын арттыру.

Акция аясында мектепте конференциялар, семинар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер,  сынып сағаттары, рейдтік

іс-шаралар және т. б. өткізіледі.

Зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынас мәселелері бойынша парақшалар, буклеттер, плакаттар таратылады.

Бұл науқанға ата-аналар, оқушылар, мектеп ұжымы, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға алдын-алу және қолдау көрсетумен айналысатын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар,  қатысады.