09
январь
2023
«Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғам жетекшісі А.Жексембиева мұғалімдер арасында «Ғылыми жобаны жазу және рәсімду талаптары» тақырыбында семинар өткізді.
№4 ЖОББМ 4-қаңтарда мектептің «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғам жетекшісі А.Жексембиева мұғалімдер арасында «Ғылыми жобаны жазу және рәсімду талаптары» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда А.Жексембиева ғылыми жобаның тақырыбының таңдалуы,жазылу тәртібі, жазуға қойылатын талаптар, мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі, аннотацияның жазылуы, ғылыми зерттеу күнделігі және жұмыстың қорғалуы туралы толық танысырып өтті. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарының байқаулары: «Зерде» оқушылардың зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық байқаулары (1-7сынып), «Дарын» жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауы (8-11сынып), ҚР Кіші Ғылыми Академиясының ғылыми - практикалық конференциясы (8-11 сынып) өткізілу ережелері мен талаптары туралы ақпарат беріп өтті. Сондай ақ, оқушылардың ғылыми қоғам жетекшісі А.Жексембиева мұғалімдерге ғылыми жоба туралы толық түсінік беру үшін , мұғалімдер арасында қорапта жасырылынған ағаш, көмір, арпа сияқты заттар таңдалынып алынып, әр топ өздеріне түскен заттар бойынша постер қорғады. Семинардың соңында мұғалімдер ғылыми жобаның жазылуы туралы өз пікірлерімен бөлісті.







