Мектепте ІІ жартыжылдықтан бастап 5 жоба өз жұмысын бастады.Жоба  аптаның әр күнінде оқушылар лездемесінде  7-11 сынып оқушыларын қамтиды » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте ІІ жартыжылдықтан бастап 5 жоба өз жұмысын бастады.Жоба  аптаның әр күнінде оқушылар лездемесінде  7-11 сынып оқушыларын қамтиды
30
январь
2023

Мектепте ІІ жартыжылдықтан бастап 5 жоба өз жұмысын бастады.Жоба  аптаның әр күнінде оқушылар лездемесінде  7-11 сынып оқушыларын қамтиды

Мектепте ІІ жартыжылдықтан бастап 5 жоба өз жұмысын бастады.Жоба  аптаның әр күнінде оқушылар лездемесінде  7-11 сынып оқушыларын қамтиды. Әр аптаның  дүйсенбі күндері   "100-Ән" жобасы бойынша оқушылармен жұмыс жүргізіліп отырады. «100  Ән» жобасының мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, ұлттық дәстүр арқылы рухани адамгершілік қасиеті мен патриотизмді дамыту.                                                                                                                                                                                    «Келіңдер ән салайық» тақырыбы қамтылды. Әр сейсенбі «Оқуға құштар мектеп» жобасы жұмыс атқарады.Әр сәрсенбі сайын «Отбасы-орта мектеп жобасы» жобасы жұмыс атқарады.Әр бейсенбі сайын «Қауіпсіз мектеп» жобасы жұмыс атқаруда. «Қауіпсіз мектеп» жобасының жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Мақсаты: оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыру, өнер мәдениетін ұғындыру. Оқушылардың көңіл күйін көтеру  мақсатында сергіту сәті жаттығулары, «ха-ха» күлкі жаттығуы  жүргізілді. «Қауіпсіз мектеп» жобасы жоспарға сай жұмыс атқаруда.Оқушылар жобаға ат салысып қатысып, өз өнерлерін таныта білді.Әр жұма сайын «Өзін-өзі басқару» жобасы өз жұмысын атқарады.Оқушылар өзін-өзі басқару жобасының  негізгі мақсаты - оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады. Мектеп парламентінің жұмысы,құрылымымен оқушыларды таныстырып,қызықты сауалнамалар алынып,оқушылар белсене атсалысты.