24
февраль
2023
№ 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде география пәнінен "Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өтті.
24 ақпан күні Меркі ауданы № 4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде география пәнінен "Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өтті. Аудандық семинарға аудан мектептерінен география пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарды Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бопиева Сапаркүл Тұрғанбаевна мен мектеп директоры Еркебұлан Әбдіғалиұлы Жұматаев алғы сөзді алып, семинарды ашып берді. Мектептің педагог психологтары Гүлнұр Құралбаева мен Айгерім Сангулова "Сен өзгерсең, сенің әлеміңде өзгереді" атты тренинг өткізді. География пәнінің мұғалімі педагог- сарапшы Баян Сырлыбаева "Фотосинтез үдерістері" тақырыбында 5 а сыныбында сабақ көрсетті. 7 а сыныбына "Қазақстанның топырақ түрлері" тақырыбында география пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Анар Сыдықбекова сабақ көрсетті. "Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдары" тақырыбында география пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Эльмира Мамытова шебер сыныбын көрсетіп, іс -тәжірибелерімен бөлісті. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бопиева Сапаркүл Тұрғанбаевнаға осындай үлкен семинар ұйымдастырып, іс- тәжірибемен бөлісуге үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз.Семинар өз деңгейінде өте жақсы өтті.



























