Ақпарат » Страница 17 » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану
02
апрель
2025
Көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану
Көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 30 наурыз "Кино күні"  5 "а"  сыныбымен ұйымдастырылды. "Менің атым Қожа"  фильмін көріп, ерекше көтеріңкі көңіл күйде болды. Сынып  жетекшісі:  Нурланова Мира
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні
02
апрель
2025
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл күн 1967 жылдан бастап атап өтіледі және әлемнің түрлі елдерінде балаларға арналған әдебиеттің маңыздылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.Кітап оқу — білім мен тұлғалық дамудың маңызды құрамдас бөлігі. Кітап оқу адамның танымдық қабілеттерін дамытады. Оқу арқылы адам жаңа ақпараттар мен білім алады, өмірлік тәжірибелермен танысады, өз көзқарасын кеңейтеді.
"Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиыламыз"
02
апрель
2025
"Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиыламыз"
4 Тілеміс батыр ЖОББМ "Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиыламыз" тақырыбында 7 Б сыныбы Бердібек Сапарбаевтың "Менің атым Қожа" кітабын оқып 7 "а" сыныбына осы челленджді жолдады.
«Каникулда кітап оқимыз»
02
апрель
2025
«Каникулда кітап оқимыз»
Мектеп кітапханашылары ұйымдастыруымен «Каникулда кітап оқимыз» " Әдебиет әлемінде көктем самалы" тақырыбы балалардың көктемгі  демалыс кезінде уақытты тиімді өткізу мақсатында ұсынылған бастама болып табылады. Бұл тақырып балалар мен жасөспірімдерді кітап оқу арқылы білімін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақыттарын пайдалы өткізудің маңыздылығын түсіндіруге арналған. Кітап оқу арқылы балалар әлемді танып, ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білім мен дағдыларға ие болады.
Педагогикалық кеңес өтті
26
март
2025
Педагогикалық кеңес өтті
2025 жылдың 26 наурыз күні педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте 3 тоқсан бойынша оқушылардың қозғалысы мен білім сапасының мониторингі; Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының есебі; Білімклас жүйесіндегі барлық деректердің енгізілуі мен электронды журналдары мен үйірме журналдарын тексеру қорытындысы; Алтын белгіге және Үздік аттестатқа үміткерлердің дайындығы туралы анықтама оқылды.
"Ауылым-алтын бесігім"
20
март
2025
"Ауылым-алтын бесігім"
#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Тұрғынбек Нұртөре  "Ауылым-алтын бесігім" атты аудандық видеоролик байқауына қатысып І-орынды иеленіп, Облыстық байқаудан ІІ-орын алып арнайы дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Керімбай Елдар Керімбайұлы.
"Қош келдің, әз-Наурыз"
20
март
2025
"Қош келдің, әз-Наурыз"
8.03.2025 жылы 3 "Б" сыныбында "Қош келдің, әз-Наурыз" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балаларға  Қазақ халқының  ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайлыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрып жайында  қарапайым   түсінік беру. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің
🔰”Ұлттық киім күні”  атап өтілді
19
март
2025
🔰”Ұлттық киім күні” атап өтілді
🔰”Ұлттық киім күні”  атап өтілді            ⚜️Наурызнаманың онкүндігі аясында №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері ұлттық киім күніне орай   оқушылармен флэшмоб ұйымдастырып, ұлттық киім күніне арналған іс- шараға  өз үлестерін қосуда.          ⚜️Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық киімімізді насихаттау.  Бүгінгі таңда бір ескерерлік жағдай ұлттық киіміміз ұлттың брендіне айналып, қазақи нақыштағы киімді кию сәнге айналып келе жатқаны
"Экология және елдің болашағы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді
18
март
2025
"Экология және елдің болашағы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді
#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 18.03 күні сынып жетекші Ж.Талдыбаева 5 ә сыныбымен "Экология және елдің болашағы"тақырыбында сынып сағатын өткізді.Мақсаты:білім алушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып,аялауға,сақтап қорғауға,өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандылыққа баулу,экологиялық білімдерін молайту.
“Наурызнама” 18 наурыз Ұлттық киім күні
18
март
2025
“Наурызнама” 18 наурыз Ұлттық киім күні
⚜️ “Наурызнама” іс-шаралар жоспарына сай N4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 18 наурыз Ұлттық киім күні — қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу, сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында бастауыш сынып ұстаздары  ұлттық киімді насихаттау іс- шарасын ұйымдастырды.  ⚜️Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған. Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі.