Ақпарат » Страница 3 » СШ№4 Тлемис батыра
Жамбыл облысы білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Түлектердің ағаш егу»  экочелленджі өткізілді
17
апрель
2025
«Түлектердің ағаш егу» экочелленджі өткізілді
№4  Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 17 сәуір күні «TazaLaike» FEST іс-шаралар жоспарына сәйкес «Түлектердің ағаш егу»  экочелленджі өткізілді.  Мақсаты жас ұрпақ санасына  экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулу. Іс- шараға 11 сынып түлектері барлығы 18 білім алушы қатысты. Мектеп ауласына қайың ағаштары отырғызылды.
«Интернеттегі қауіпті ойындар»
09
апрель
2025
«Интернеттегі қауіпті ойындар»
Сәлем № 4 Тілеміс батыр ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі У. А. Кантуреева 09 / 04 / 2025 күні 3 «А» сыныбында тәрбие сағатындағы 10 минуттық қауіпсіздік сабағында «Интернеттегі қауіпті ойындар» тақырыбында түсіндірілді.     Қазіргі заманда интернет – балалар мен жасөспірімдер үшін білім мен ойын-сауықтың негізгі көзі. Дегенмен интернетте ұсынылған ойындардың арасында қауіпті ойындар да бар. Балалар мұндай ойындарға қызығушылық танытып, олардың әсеріне түсуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен
"Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз"
07
апрель
2025
"Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз"
#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде жас педагогтардың шығармашылық потенциалын арттыру,инновациялық белсенділіктерін дамыту арқылы кәсіби шыңдалуына бағыт-бағдар беру мақсатында 2025 жылдың 07-18 сәуір аралығында "Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз"тақырыбында жас мамандар онкүндігі өтілуде.Онкүндіктің ашылу салтанаты 7.04 күні өткізілді.
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
03
апрель
2025
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕ БАСТАЛЫП  31 ТАМЫЗДА АЯҚТАЛАДЫ  2025-2026 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады. Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде
Көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану
02
апрель
2025
Көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану
Көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 30 наурыз "Кино күні"  5 "а"  сыныбымен ұйымдастырылды. "Менің атым Қожа"  фильмін көріп, ерекше көтеріңкі көңіл күйде болды. Сынып  жетекшісі:  Нурланова Мира
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні
02
апрель
2025
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні
2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл күн 1967 жылдан бастап атап өтіледі және әлемнің түрлі елдерінде балаларға арналған әдебиеттің маңыздылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.Кітап оқу — білім мен тұлғалық дамудың маңызды құрамдас бөлігі. Кітап оқу адамның танымдық қабілеттерін дамытады. Оқу арқылы адам жаңа ақпараттар мен білім алады, өмірлік тәжірибелермен танысады, өз көзқарасын кеңейтеді.
"Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиыламыз"
02
апрель
2025
"Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиыламыз"
4 Тілеміс батыр ЖОББМ "Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиыламыз" тақырыбында 7 Б сыныбы Бердібек Сапарбаевтың "Менің атым Қожа" кітабын оқып 7 "а" сыныбына осы челленджді жолдады.
«Каникулда кітап оқимыз»
02
апрель
2025
«Каникулда кітап оқимыз»
Мектеп кітапханашылары ұйымдастыруымен «Каникулда кітап оқимыз» " Әдебиет әлемінде көктем самалы" тақырыбы балалардың көктемгі  демалыс кезінде уақытты тиімді өткізу мақсатында ұсынылған бастама болып табылады. Бұл тақырып балалар мен жасөспірімдерді кітап оқу арқылы білімін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақыттарын пайдалы өткізудің маңыздылығын түсіндіруге арналған. Кітап оқу арқылы балалар әлемді танып, ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білім мен дағдыларға ие болады.
Педагогикалық кеңес өтті
26
март
2025
Педагогикалық кеңес өтті
2025 жылдың 26 наурыз күні педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте 3 тоқсан бойынша оқушылардың қозғалысы мен білім сапасының мониторингі; Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының есебі; Білімклас жүйесіндегі барлық деректердің енгізілуі мен электронды журналдары мен үйірме журналдарын тексеру қорытындысы; Алтын белгіге және Үздік аттестатқа үміткерлердің дайындығы туралы анықтама оқылды.
"Ауылым-алтын бесігім"
20
март
2025
"Ауылым-алтын бесігім"
#4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Тұрғынбек Нұртөре  "Ауылым-алтын бесігім" атты аудандық видеоролик байқауына қатысып І-орынды иеленіп, Облыстық байқаудан ІІ-орын алып арнайы дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Керімбай Елдар Керімбайұлы.