19
октябрь
2022
"Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет"
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлық аясында 19 қазан күні 8 сынып оқушылары арасында заңды әркім білуге міндетті екендігін, сонымен қатар өз құқығын қорғай білуге, өз санасында құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында “ Құқық бұзушылықтың алдын алу- басты міндет ” тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатына Меркі аудандық прокуратурасының прокуроры Борантаев Алмас қатысып, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Қылмыстық іс- әрекеттен аулақ жүру керектігін ескертіп жәнеде әртүрлі ситуациялық жағдайлардан көрініс көрсетіліп, оның шешімін табу жолдарын айтып өтті.














