19
октябрь
2022
"Бала тәрбиесіне ата-ана жауапкершілігі"
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 19 қазан күні 5-7 сынып оқушыларының ата-аналар комитеті арасында "Бала тәрбиесіне ата-ана жауапкершілігі" тақырыбында дискуссиялық алаң өткізілді. Кездесу барысында құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – баланың бойына құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқық пен тәрбие өзара байланысты әрекет, негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылатынын, А.С. Макаренконың: «Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн. Ата –аналар құқықтық тәрбие туралы қосымша мәліметтер алды.






